«Торпедо» — үшінші орын!
Алғашқы кезеңдерде жоғары нәтиежелерге қол жеткізген өскемендік «Торпедо» Миллиондар Кубогының «Үлкен финалына» жолдама алды. «Динамо-3» (Мәскеу) — 3:2 есебімен ұтып, молодечиналық «Норочьпен» өткізген кездесуді 0:0 нәтижесімен аяқтап, Белая Калитвалық «Трудтан» 2:0 есебімен жеңіліп қалған шығысқазақстандықтар турнирде үшінші орынға ие болды. Бұл бәсекеге сол жылы тұтастай алғанда 40286(!) команда қатысқан. Жарыс қорытындысы бойынша торпедолық қақпашы А. Лазарев пен шабуылшы Ю. Тимошенко өз ойын жүйелері бойынша үздік футболшылар болып танылса, ұйымдастырушылар «Торпедо» футбол клубын «Таза ойын» жүлдесімен де марапаттады.