Вахид Масудов — үздік гол авторы.
«Футбольное обозрение» бағдарламасының жүргізген сауалнамасының қорытындысы бойынша Алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Вахид Масудовтың Алматыда өткен кездесуде днепропетровскілік «Днепрдің» қақпасына соққан голы Жоғары Лига командаларының арасындағы XLIX КСРО Чемпионатының үздік голы болып танылды.
КСРО чемпионаты — жетінші орын.
Жоғары Лига командаларының арасында өткен КСРО чемпионатында қорытынды жетінші орынға ие болған алматылық «Қайрат» қазақстандық клубтардың аталған турнирдегі ең үлкен нәтижесіне қол жеткізді.