Еуропаға бетбұрыс.
Қазақстан футбол одағының президенті Рахат Әлиев 2000 жылдың 23 қарашасы мен 2001 жылдың 21 қаңтарында Мәскеуде ФИФА мен УЕФА президенттері Леннарт Йоханссон және Йозеф Блаттермен кездесті. Келіссөздердің басты мақсаты Қазақстанның АФК құрамынан шығып, УЕФА-ның мүшелігіне өту болды. Келіссөздердің алғашқы кезеңінде екі көшбасшы да Қазақстан футбол одағының УЕФА-ға өтуіне қарсы пікір білдірмеді. Тек Азия футбол конфедерациясының ресми пікірін тыңдауды ұсынады.
Азия футбол конфедерациясы 10 мамыр күні Атқарушы комитет отырысында осы мәселені қарап, кейін ресми сайты арқылы Қазақстан футбол одағы өз таңдауын жасауға құқылы екенін хабарлады.
Осыдан кейін 15 мамыр күні Дортмундта (Германия) өткен баспасөз мәслихатында Леннарт Йоханссонның Қазақстанды УЕФА-ның 52-ші мүшесі ретінде көргісі келеті туралы ақпаратты «Reuters» агенттігі мен УЕФА-ның ресми сайтында жарияланды.
Йоханссон мырза Қазақстанның УЕФА-ға қайта оралатынын жөнінде атап көрсеткен. Өйткені, бұған дейін Қазақстан Кеңес Одағы құрамы арқылы Еуропа аумағында болды. УЕФА атқарушы директоры Герхард Айгнер Қазақстан футбол одағы тарапынан барлық талаптар орындалған жағдайда 2002 жылдың сәуірінде Стокгольмде өтетін УЕФА-ның Атқарушы комитеті мен Конгресінде қаралуы мүмкін екенін жеткізді.
2001 жылдың 21 мамырында Қазақстан футбол одағы баспасөз мәслихатында осы мәселені қарастыруда УЕФА жетекшілерінің сөзі кепілдік болатынын айтты. Осыдан кейін Қазақстан футбол одағы Азия футбол конфедерациясы құрамынан шығу туралы құжаттарды дайындауға кірісті.
Виктор Зубарев және Кипр.
«Апполон» (Лимасол, Кипр) футбол клубында ойнайтын павлодарлық шабуылшы Виктор Зубарев 2001 жылдың қаңтарында жоғары командалар арасындағы Кипр чемпионатында ең үздік голдың авторы деп танылды.
«Ертістің» екінші рекорды.
ХХ Азия Чемпиондары Кубогы бәсекесінде ел намысын қорғаған павлодарлық «Ертіс» бір жыл бұрынғы рекордын қайталады. Павлодарлық ұжым екі жыл қатарынан Орталық Азияның үздік командасы атанды. Жарыстың екі кезеңінен іркілмей өтіп, турнирдің ширек финалына шықты.
Үздік төрттік.
Павлодарлық «Ертіс» Азия Чемпиондар Кубогында жаңа жетістікке қол жеткізді. 2001 жылдың 7-11 наурыз аралығында Тегеранда өткен ХХ Чемпиондар Кубогының ширек финалдық тобында екінші орын алып, жартылай финалға өтті. Бұл табыс арқылы «Ертіс» Азияның үздік төрт командасының қатарына енді.
Азияның үздік бапкері.
Азия футбол конфедерациясы павлодарлық «Ертіс» клубының бас бапкері Леонид Назаренконы 2001 жылдың наурызында Азияның үздік бапкері деп атады.
Қазақстан және Ирак.
Қазақстан Ұлттық құрамасы 2002 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу турниріне қатысады. Іріктеу тобындағы қарсыластар — Макао, Ирак және Непал құрамалары. Бастапқыда турнир бір айналымнан тұрып, Непалда өтуі тиіс еді. Алайда, бұл елдің федерациясы жарысты өткізуден бас тартты. Нәтижесінде турнир екі кезеңнен тұрды. Біріншісі Бағдадта өтсе, екіншісі Алматыда болды.
Екінші кезеңге берілетін жалғыз жолдаманың тағдыры Қазақстан мен Ирак құрамалары арасындағы жеке кездесуде шешілді. Құрамалар арасында өткен екі кездесуде тең аяқталды. Қалған қарсыластарын ірі есеппен ұтқан Ирак құрамасы доп айырмасын бойынша бірінші орынға шықты. Қазақстан екінші орынды иеленді. Жапония мен Кореяға берілетін жолдамаға тартысты Ирак жалғастырды.
Төртінші орын.
Павлодарлық «Ертіс» Кореяда өткен Азия Чемпиондар Кубогының финалдық кезеңіне қатысты. Жартылай финалда жапондық «Джубило Иватаға» жол берді. Үшінші орын үшін өткен ойында ирандық «Пирузиден»
айласын асыра алмай, төртінші орынды иеленді.
Азия чемпионаты.
Футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Иранның астанасы Тегеранда өткен III Азия чемпионатына қатысты. Топтық кезеңде қарыластардан озып шыққан отандастарымыз ширекфиналда Жапония құрамасынан ұтылады.
Азиядан шығу.
Қазақстан футбол Одағы УЕФА құрамына қабылдануға ұмтылып, Азия футболының Конфедерациясының (АФК) құрамынан шықты.
Ел футболын таныстыру.
Қыркүйек айында өткен УЕФА-ның Атқарушы комитетінде Қазақстан және еліміздің футболы танысыстырылды. Қазақстан футбол Одағының вице-президенті Тілек Ақбаев он минуттық баяндамамен шықты. Одан кейін Қазақстанның тарихы мен еліміздің футболы жайында таныстырған «Хабар» агенттігі дайындаған 20-минуттық фильм көрсетілді.
УЕФА делегациясы — Қазақстанда.
УЕФА вице-президенті Дезом Кейси (Ирландия) бастаған делегация Қазақстанға келді. Құрметті қонақтар Астана мен Алматыға барды. Іссапар барысында олар спорт ғимараттарымен, билік және спорт қауымдастығы өкілдерімен, кәсіпкерлермен танысты.
Қабылданған шешім.
УЕФА-ның Атқарушы комитеті 12 желтоқсанда дауыстардың көпшілігімен аталған ұйымның Конгресіне Қазақстан футбол одағын қабылдау жайында шешім қабылдады. Конгресс 2002 жылдың сәуірінде Швецияда (Стокгольм) өтеді.