Премьер-Лига.
ҚФФ Атқарушы комитеттің шешімі бойынша жоғары дивизион атауы «Суперлигадан» — «Премьер-Лигаға» ауысты.
Қайта оралған суперкубок.
Қазақстан Суперкубогы қайтадан өткізіле бастады. Алматының Орталық стадионында 2007 жылдың чемпионы «Ақтөбе» мен 2007 жылғы кубоктың иегері «Тобыл» кездесті. Ойынға 12 мың жанкүйер келді. «Ақтөбе» 2:0 есебімен жеңіске жетті.
УЕФА және ФИФА.
Әділбек Жақсыбеков бастаған ҚФФ делегациясы УЕФА мен ФИФА-ның штаб-пәтеріне барды. ҚФФ басшысымен бірге іссапарда бас хатшы Саян Хамитжанов пен халықаралық бөлімнің жетекшісі Евгений Ильин болды. ҚФФ делегациясы ФИФА президенті Й.Блаттермен, УЕФА президенті М. Платинимен және халықаралық футбол федерацияларының әртүрлі департаменттерінің жетекшілерімен келіссөздер жүргізді.
Президент Кубогының бастауы.
Алматы қаласында «Нұр Отан» Ұлттық-Демократиялық партияның қолдауымен Қазақстан футбол федерациясы және «Цесна» футбол клубының ұйыдастыруымен тұңғыш рет «Қазақстан Республикасының Президентінің Кубогы» халықаралық жасөспірімдер турнирі өтті.
10 000 АҚШ долларын құрайтын бас жүлдені 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер командалар сарапқа салды. Олар «ЦСКА», «Спартак» (Мәскеу), ЦСКА (барлығы — Ресей), «Бешикташ» (Түркия), «Динамо» (Минск, Беларусь), «АДО Ден Хааг» (Нидерланд), «Оле Бразил» (Бразилия) және алматылық «Цесна» клубының атынан қатысқан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы.
Қатысушылар екі топқа бөлінді, ойындар айналма жүйесі бойынша өтті. Одан кейінгі ойындарда қатысушылар бірінші-сегізінші орындарға таласты. Турнир ойындары Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетінің алаңында, Алматының Орталық стадионында өтті.
Еліміздің бас аренасынада «Оле Бразил» — «АДО Ден Хааг» командалары арасындағы ашылу ойыны және «Бешикташ» пен ЦСКА арасындағы финалдық матчы өтті. Ашылу ойынына 10 мың адам келсе, финал ойыны 16 мың жанкүйер жинады.
Құрметті қонақ ретінде ФИФА-ның техникалық директоры Жан-Мишель Бенезье, ФИФА-ның даму менеджері Ева Паскье және УЕФА-ның «Хет-Трик» жобасының менеджері Джозеф Климент турнир матчтарына қатысты. Сонымен қоса, финал ойынына ПФК ЦСКА (Ресей) президенті Евгений Гинер қатысты.
Ыстамбұлдық «Бешикташ» барлық ойындарды ұтып, турнир жеңімпазы атанды. Финалдық ойында түрік командасы мәскеулік ЦСКА командасын 3:1 есебімен ұтты. Үшінші орын «Спартактың» еншісінде.
Әміржан Мұқанов шәкірттері.
Футзалдан Қазақстан жастар құрамасы Венгрияда өткен 2008 жылға Еуропа Чемпионатына іріктеу турнирін ұтты. Бас бапкердің қызметін атқарушы Әміржан Мұқанов бастаған біздің құрама Венгрия, Беларусь және Латвияны ұтып, финалдық турнирге жолдама алды.