1 ақпан күні Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне 54 жастағы чехиялық маман Михал Билек тағайындалды.

 

«Астана» футбол клубы еурокубоктың топтық кезеңіне бесінші рет шықты. Елордалық футболшылар алтыншы рет ел чемпионы атанды.

 

17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ҚР Президенті Кубогының жеңімпаз атанды.

 

Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Еуролиганың «В» дивизионында күміс жүлдені иеленді. Финалда Әзірбайжан құрамасынан жеңіліп қалды.

 

«Қайсар» футбол клубы екінше рет Қазақстан Кубогының иегері атанды. Финалда қызылордалықтар «Атырауды» (2:1) ұтты.

 

Қазақстан құрамасы 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде 10 ұпай жинап, Еуропа және Әлем чемпионатының іріктеу кезеңдеріндегі ең жоғары көрсеткішін қайталады.

 

Алғаш рет кең көлемде FF Football Awards марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Шарада Премьер-лига, Бірінші және Екінші лига, футзал, әйелдер футболы, жағажай футболынан үздік бапкерлер мен ойыншылар марапатталды. Сонымен қатар, маусымның үздік голы анықталды.