Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Румыния (1:3), Словения (4:3) және Чехия (5:2) командаларымен элиталық раундта ойнап, 2020 жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне Литваға жолдама алды.
29 ақпанда Қазақстан Суперкубогында қазіргі чемпион – елордалық «Астана» және ел Кубогының иегері – қызылордалық «Қайсар» кездесті. Елордалық команда 1:0 есебімен жеңіске жетіп, рекордтық бесінші рет Қазақстан Суперкубогының иегері атанды. Кездесу Қостанай қаласында, «Тобыл Аренада» өтті.
COVID-19 пандемиясына байланысты бүкіл әлемде, сонымен қатар Қазақстанда да футбол тоқтатылды.
Наурыз айында басталған Қазақстан чемпионаты 18 тамызда қайта басталып, 3 қарашада аяқталды. Премьер-Лиганың алтын медалін алматылық «Қайрат» 16 жылдан кейін алғаш рет жеңіп алды. Чемпионаттың күміс жүлдесін қостанайлық «Тобыл», ал үшінші орынды елордалық «Астана» иеленді.
Күзде Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасында 2020/21 маусымын бастады. Қазақстандықтар «С» лигасының 4 тобында Литва, Беларусь және Албания командаларымен қарсылас болды. Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы алты матчта төрт ұпай жинап, соңғы орынға ие болды.