• 26.07.1954.
  • 1977 ж. Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының (Мәскеу қ.) экономика факультетін бітірген. 1987 жылы Плеханов атындағы Мәскеу халық шаруашылығы институтында «материалдық– техникалық жабдықтауды ұйымдастырушы» мамандығы бойынша қайта даярлау курсынан өтті. Экономика ғылымдарының кандидаты.
  • 19881995 жж. «Цесна» көпсалалы корпорациясын басқарды. 1995 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды. 1996 жылы Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
  • 1997 ж. желтоқсаннан 2003 ж. маусымға дейін – Ақмола қаласының (кейіннен – Астана) әкімі. 2003 жылғы маусымнан 2004 жылғы желтоқсанға дейін – Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі. 2004-2008 жж. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы.
  • 2007 жылғы 28 тамыздан 2014 жылғы 19 желтоқсанға дейін – Қазақстан футбол федерациясының Президенті.
  • 2008 жылғы 23 қаңтардан – «Нұр– Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары. 2008 жылғы 11 қарашадан 2009 жылғы 24 маусымға дейін – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2009 жылғы 24 маусымнан 2014 жылғы 2 сәуірге дейін – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі. 2014 жылғы 3 сәуірден бастап – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы. 2014 жылғы 22 қазаннан бастап 2016 жылғы 21 маусымға дейін – Астана қаласының әкімі. 2015 жылғы 11 маусым мен 9 тамыз аралығында – бір мезгілде «Астана ЭКСПО– 2017» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы. 2016 жылғы 21 маусымнан 2018 жылғы 10 қыркүйекке дейін – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы.
  • 2018 жылғы 10 ақпанынан 2022 жылғы 28 ақпанға дейін – Қазақстан футбол федерациясының Президенті.
  • Марапаттары мен атақтары:
  • «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» ордені (2005); I дәрежелі «Барыс» ордені (2016 ж.); II дәрежелі «Барыс» ордені (2011); III дәрежелі «Барыс» ордені (1999).