• 10.02.1962 24.02.2015.
  • 1993 ж. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Сыртқы экономикалық байланыстар басқармасы бастығының орынбасары.
  • 1993-1996 жж. бірқатар компанияларды басқарды.
  • 1996 ж. желтоқсаннан салық органдарында қызмет атқарды: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық комитеті Салық полициясы Бас басқармасы бастығының бірінші орынбасары; Сыбайлас жемқорлыққа және контрабандаға қарсы күрес басқармасының бастығы; 1997 ж. сәуірден Алматы қаласы бойынша Салық полициясы басқармасының бастығы; 1997 ж. қарашадан  Қаржы министрлігі Салық полициясы департаментінің директоры; 1998 ж. қазаннан Салық полициясы комитетінің төрағасы; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер бірінші Вице-министрі.
  • 1999 ж. қыркүйектен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымдарында қызмет етті: Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша департаментінің бастығы; 2000 ж. шілдеден Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, ал 2001 ж. мамырдан бірінші орынбасары лауазымында қызмет етті.
  • 2001 ж. қарашасынан Қазақстан Президенті Күзет қызметі басшысының орынбасары.
  • 2002 ж. қаңтарынан Ұлттық Олимпиада комитетінің Президенті.
  • 20022007 жж. бірнеше мемлекеттерде елшілік қызметтерді атқарды.
  • 2000-2007 жж. Қазақстан футбол одағының Президенті.
  • Р. Әлиев ҚФО президенті қызметін басқарған кезде федерацияның географиялық резиденциясы АФК-дан (Азия футбол конфедерациясы) УЕФА-ға (Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы) ауысты.