Skip to content

- 15.11.1930 – 26.03.2000.
- 1971-1977 жж. Қазақ КСР ауыр өнеркәсіп кәсіпорындары құрылысы министрінің бірінші орынбасары.
- 1977-1990 жж. Қазақ КСР Министрі – Қазақ КСР Құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы, Республика мемқұрылысы төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі. Ә. Бектемісовтың еңбек еткен жылдар Қазақ КСР-інде және оның астанасы Алматыда жүргізілген ауқымды күрделі құрылыспен тұспа-тұс келді. Оның қатысуымен «Қазақстан» қонақ үйі, М. Әуезов атындағы драма театр, Көк-Төбе телемұнарасы салынды.
- 1990-1992 жж. Республика Жоғарғы Кеңесінің Құрылыс және сәулет істері жөніндегі комитет төрағасы. Қазақ КСР Сәулетшілер одағы басқармасы президиумының мүшесі болды.
- Жоғарғы Кеңестің 8, 9, 11, 12 шақырылымдарының депутаты болып сайланды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі.
- 1993-1997 жж. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Бас қаржы-әкімшілік басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі департаментінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі қызметтерін атқарды.
- 1967 жылдан 1972 жылғы ақпанға дейін Қазақ КСР футбол федерациясының төрағасы, 1968 жылы КСРО футбол федерациясы президиумының мүшесі болып сайланды.
- Марапаттары мен атақтары:
- Екі мәрте «Құрмет белгісі» ордені (1966, 1971). Еңбек Қызыл Ту ордені (1986). Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1976). «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл» медалі (2017).
- Дипломатиялық дәрежесі – 1-сыныпты кеңесші.