Skip to content
- 2012.
- Қайрат НҰРДАУЛЕТОВ (06.11.1982, Алматы облысы).
- Ол кезде Қайрат өте тəжірибелі ойыншы болған. Екі рет Қазақстан чемпионатын, үш рет Қазақстан Кубогын жеңіп алды. Екінші жыл қатарынан Қазақстан құрамасының капитаны дəрежесінде алаңға шықты…
- «Астана-Аренада» Қазақстан-Ирландия арасында Əлем кубогы-2014 алғашқы іріктеу матчының 37-минуты өтіп жатты. Шмидтгаль оң жақтан айып добын беріп, Қайрат Нұрдəулетов британдық стильде допты Кейрен Вествуд қақпасының бұрышына алыстан салады. Бұл 2012 жылы болған еді, нəтижесінде КПЛ бас жаттықтырушылары хавбекті жылдың футболшысы деп атады .