Skip to content

- 2015 жəне 2017.
- ЖЕРАР ГОУ (29.12.1988, Ганьов Кот-Д-Ивуар қ.).
- Физикалық тұрғыда мықты шабуылшы. Ол үшін ең бастысы – гол соғу. Ол мұны «Қайратқа» келген күннен бастап-ақ дəлелдей бастады. 2014 жылы 6 шілдеде «Ақтөбемен» өткен матчта «хет-трик» авторы атанды. Қатарынан екі матчта «дубльмен» ерекшеленді. Бірақ өзі Қазақстан Кубогының финалында «Ақтөбеге» қарсы ойынды ең үздік матч деп есептейді. Оның екі голы клубтың кубокты жеңіп алуыға мүмкіндік берді.
- 2015 жылғы маусымда ол алғашқы турлардан бастап бомбардирлік жарыстың басында болды. Осылайша 28 матчта 22 голмен жеңімке жетті. Бұған қоса Кубок үшін 4 ойында 3 голдың иесі. Яғни, «Алашкертуге» (Ереван) бір гол. Чемпионатта «Тобыл» мен «Оқжетпеске» екі хет-трик. Сондай-ақ үш дубль, олардың бірі «Астанаға». 2017 жылы алматылық клубтың форварды тағы да биікке көтерілді. Бұл жолы ол өз көрсеткішінен асып түсті. Бұл жолы 32 ойында 24 голдың авторы атанды. Оның ішінде «Шахтер» қақпасына хет-трик жəне үш дубль бар. Еурокубоктарда 4 голмен ерекшеленді, оның үшеуі литвалық «Атлантас» қақпасына, біреуі албандық «Скендербеу» қақпасына салынды.