- 2019 жəне 2021. Марин ТОМАСОВ (31.08.1987, ЮКФР Задар қ.)
О-о, Ма-рин То-ма-сов! Осылайша жанкүйерлер кумирін 2018 жылғы 29 қарашада Rixos қонақ үйінде өткен қазіргі заманғы «Астана» бесінші чемпиондық атағына құрмет көрсету кешінде шынайы қарсы алды.
Шындығында ол осындай қошеметке лайық болды! Жеңіл, жылдам əрі кең қадамды Хорватия жастар құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы қарсыластарының қорғанысын талай рет тығырыққа тіреген еді. Өзі үшін екінші чемпионат маусымын Томасов жоғары деңгейде бастады.
2018 жылғы 4 наурызда Марин Қазақстан Суперкубогы үшін алматылық «Қайратқа» екі гол соғып, өз клубына жеңісті қамтамасыз етті (3-0). Чемпионаттың алғашқы 10 турында ол 4 гол соғып, 10 пас берді. Осыдан кейін «Астана» хорватиялық «Риекадан» оның келісімшартын сатып алды.
Маусым қорытындысы бойынша чемпионатта 30 ойын өткізіп (командада ең көп), 14 гол соқты (командада
ең көп) жəне екінші рет «Астанамен» Қазақстан чемпионы атанды. Еурокубоктарда маусымның барлық 14 матчын өткізіп, бір голды француздық «Реннге» соқты.
2021 жылы Томасов Қазақстандағы Жылдың үздік футболшысын анықтау тарихындағы ең егде ойыншы болды.