- 06.07.1947.
- Қарағанды футболының тәрбиеленушісі.
- Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1997).
Ойыншы мансабы:
- «Шахтер» Қарағанды – 1966, 1973-1975;
- «Металлург» Теміртау – 1967-1968;
- «Строитель» Теміртау – 1969-1970.
Бапкерлік мансабы:
- «Шахтер» Қарағанды, бапкер – 1978;
- «Шахтер» Қарағанды командасының жетекшісі – 1982-1984. КСРО біріншілігінің екінші лигасы VIII аймағының жеңімпазы (1982);
- «Шахтер» Қарағанды, бас бапкер – 1991-1996, 2000. Қазақстан чемпионатының 3-ші жүлдегері (1995);
- Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері – 1995-1997;
- «Ертіс Павлодар, бас бапкер – 1998;
- «Жетісу» Талдықорған, бас бапкер – 2000;
- «Есіл» Көкшетау, бапкер – 2001-2002.
Қазақстан ұлттық құрамасы
- 1995-1997 жж. Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері. Оның басшылығымен құрама 1996 жылы Иранда өткен халықаралық турнир – «Нагше Джахана» Кубогын жеңіп алды.
- АФК Азия Кубогының 7-ші іріктеу тобында өнер көрсетті және Катар мен Сирия командаларын алға жіберіп, 3 команданың ішінен 3-ші орынға ие болды.
- Келесі жылы оның басшылығымен құрама Ирак пен Пәкістан құрамалары қатысқан АФК XV Әлем Кубогы-1998 1-ші раундының IX-ші тобында жүз пайыздық ұпай жинап, жеңіске жетті.
- АФК XV Әлем Кубогы – 1998 финалдың іріктеу кезеңінде «В» тобында Қазақстан құрамасы Өзбекстан, БАӘ, Жапония және Корея құрамаларын алға жіберіп, 5 команданың ішінен 5-ші орынды иеленді.
- Бапкердің басшылығымен Қазақстан құрамасы барлығы 20 матч өткізді: +6-10=4, голдар 24-35 (жинаған ұпай 40 %).
- Ең үлкен жеңіс: 11.06.1997. Лахор. Пәкістан – Қазақстан 0:7.
- ТОП-тарих: С. Бердалин – XV Әлем кубогы-1998 іріктеу кезеңінде АФК біліктілігінің финалдық кезеңіндегі барлық бапкерлердің ішінде Қазақстан құрамасы өз алаңындағы бірде-бір матчта ұтылмаған жаттықтырушы.