• 13.02.1967.
  • «Хасково» мектебінің тәрбиеленушісі.

Ойыншы мансабы:

  • «Хасково» Болгария – 1985-1990.
  • «Левски» София, Болгария – 1990-1992, 1994-1996, 1998-2003. Болгария чемпионы (1995, 2000-2002). Болгария Кубогының иегері (1991, 1992, 2000, 2002, 2003);
  • «Фенербахче» Стамбул, Түркия – 1992-1993;
  • «София» АОСК – 1993-1994;
  • «Кампумайоренси» Португалия – 1996-1997;
  • «Славия» София, Болгария – 1997-1998;
  • Болгария Ұлттық құрамасы (1992–2000) – 14 матч, 3 гол.

Бапкерлік мансабы:

  • «Левски» София, Болгария, бас бапкер – 2004-2008. Болгария чемпионы (2006-2007);
  • «Литекс» Ловеч, Болгария, бас бапкер – 2008-2009;
  • Болгария ұлттық құрамасының бас бапкері (2007, 2009–2010);
  • «Анортосис» Фамагуста, Кипр, бас бапкер – 2011;
  • «Ботев» Пловдив, Болгария, бас бапкер – 2013–2014;
  • «Астана», бас бапкер (2014-2018). Қазақстан чемпионы (2014-2017). Қазақстан Кубогының иегері (2016). Қазақстан Суперкубогының иегері (2015, 2018). УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды (2015-2016). Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды (2017/2018). Болгарияның үздік жаттықтырушысы (журналистер нұсқасы) – 2015. ҚПЛ үздік жаттықтырушысы– 2015-2017;
  • Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері – 2018-2019;
  • Болгарияның спорт саласындағы ең жоғары марапатымен «Ойыншы ретіндегі жетістіктері, жаттықтырушылық жетістіктері және Болгар футболының дамуына қосқан үлесі үшін» «Жеңімпаз тәжі» орденімен марапатталды (2018 жылғы 1 шілде).

 

Қазақстан ұлттық құрамасы

  • 2018 жылғы 1 наурыздан 2019 жылғы 17 қаңтарға дейін – Қазақстан құрамасының бас бапкері. Оның жетекшілігімен команда 2018-2019 жылғы УЕФА Ұлттар лигасының 1 тобының «D» лигасының екі кезеңдік турнирінде өнер көрсетті. Ол Грузия құрамасын алға жіберіп, Әзірбайжан мен Андорра құрамаларын басып озып, 4 команданың ішінен 2-орынға ие болды.
  • С.Стойловтың жетекшілігімен команда барлығы 9 матч өткізді: +3-3=3, голдар 15-11 (жинаған ұпай 44,4%).
  • Ең үлкен жеңісі: 16.10.2018. Астана. Қазақстан – Андорра 4:0.
  • Ең үлкен жеңілісі:  06.09.2018. Астана. Грузия – Қазақстан 2:0.
  • ТОП-тарих: Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы УЕФА-ға кіргеннен бері алғаш рет командамен бірге жұмыс барысында соғылған/жіберілген голдар бағанында (+4) оң теңгерімге қол жеткізді.