• 06.10.1938 – 29.12.2007.
  • Өскемен футболы және доппен хоккей мектебінің тәрбиеленушісі.
  • КСРО спортының шебері (12.10.1963).
  • Қазақ КСР Кубогының жеңімпазы (1959).
  • «Қайрат» құрамында КСРО чемпионаты «А» сыныбы екінші тобының күміс жүлдегері (1965). КСРО кубогының жартылай финалисті (1963).

Ойыншы мансабы:

  • «Строитель» Өскемен (1956-1957);
  • «Строитель» Павлодар (1959);
  • «Қайрат» Алматы (1960-1969);
  • «Восток» Өскемен – (1970-1971.
  • Жоғарғы эшелон командалары арасындағы КСРО чемпионатында (1960-1964, 1966-1969) 200 матч өткізіп, 62 гол соқты. Екінші эшелон командалары арасында КСРО біріншілігі («Б» сыныбы, «А» сыныбының екінші тобы) маусымдарында (1959, 1965) – 42 матч өткізіп, 9 гол салды. КСРО Кубогы ойындарында кемінде 15 матч өткізіп, 7 голдың авторы атанды. КСРО біріншілігінің екінші лигасында 38 ойын өткізіп, 12 голдың иегері болды.
  • «Қайрат» тарихындағы КСРО-1962 чемпионатының жоғарғы дивизионында гол салған спортшылардың ішінен екінші көрсеткішке ие.
  • 1962 жылы желтоқсанда Квочкин Латын Америкасындағы матчтарға қатысу үшін КСРО клубтарының құрамасына шақырылды. Аты аңызға айналған «Маракандағы» Бразилиялық «Флуминенсе» қақпасына салынған жалғыз әрі жеңісті голдың авторы.
  • Сергей Квочкиннің есімі 2013 жылы Алматыдағы «Қайрат» футбол академиясына берілді (Каблуков көшесі).