• 2011.
  • Ұлан ҚОНЫСБАЕВ (28.05.1989, Өскемен қ.).
  • Соққы – гол! Ия, сен – үздіксің! Бұл 2011 жылғы қыркүйекте Еуро-2012 іріктеу кезеңінде Түркия құрамасының қақпасына салынған ғажайып голдың авторы жартылай қорғаушысы Қонысбаевқа қатысты. 25 метр қашықтықтан оң қапталдан ұшқан доп штанганың астына дəл кірген кезде қарсыластың қақпашысы Волкан Демирельдің қимылдауға уақыты да болмады.
  • Ұлан өз жолын Тараздан бастады, мұнда ол ата-анасымен Шығыс Қазақстаннан көшіп келген болатын. Алдымен «Жамбыл» үшін, кейін «Тараз» үшін ойнады. 2011 жылы «Астана» клубымен келісімшартқа отырды. Клубпен бірге Суперкубокты жеңіп алды. Сол жылдың ақпан айында Беларуське қарсы ұлттық құрамада дебют жасады. Маусым барысында қарағандылық «Шахтер» үшін уақытша ойдады. Серіктеспен бірге ойнауда үздік болды. Оның жылдамдығы, алаңды сезіне алды жəне соққысы мықты болды. Оның екі дəл соққысы Еуропа лигасының іріктеу ойынында Словениядан келген «Коперді» жеңуге септігін тигізді.