• 2003.
  • Юрий НОВИКОВ (19.05.1972, Павлодар қ.).
  • Юрий өзінің «Тракторы» үшін ойнап, Одақ чемпионатына ілінді. Алайда, егемендік чемпионатында 1993 жылы ғана қарағандылық «Шахтер» үшін ойнай бастады. Неліктен Қарағанды үшін жəне неге кеш? Бұған себеп əскердегі шұғыл қызмет! Ал оны Қарағандыға Серік Бердалин шақырған еді. Содан кейін «Ертіске» келді, алайда Новиков мұнда екінші рөлдерде болды.
  • Юрийдің нағыз қақпашы ретіндегі таланты 28 жасында ғана ашылды! 2000 жылғы маусымда Новиковтың «қақпадағы» ойынын көргендер оның керемет сейвтері мен сенімді ойынына таңданды. Сол кезде-ақ, оған үздік деген атақ беруге болар еді! Келесі жылы оның Қазақстан құрамасының негізгі қақпашысы болғаны да кездейсоқ емес. Бірақ, əр нəрсенің өз уақыты бар. Жəне ол үш жылдан кейін келді! Юрий өз командасына 28 ойынның 18-де өз қақпасына гол жібермей, титулды жеңіп алуға ықпал етті. Никосиядағы Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу матчында қақпаға гол салдырмады. Португалияда қарсыластың алаңындағы ойында бір доптан артық гол жіберген жоқ.