Skip to content
- 1996-1998.
- Олег ВОСКОБОЙНИКОВ (04.07.1971, Шымкент қ.).
Оңтүстік Қазақстан футбол қақпашылар мектебінің жарқын өкілі, үш маусым қатарынан еліміздің Үздік футболшысы атағын иеленген. 1996 жылы оның сөзсіз ойыны «Таразға» чемпионаттың алтын медалін иеленуге ықпал етті. Көптеген матчтарда оның қақпасына гол соғылмады.
- 1997 жылы ол «Франция»-98 Əлем кубогының АФК іріктеу ойындарының бірінші кезеңінде, əсіресе Иракпен болған матчта жəне екінші кезеңде Жапония мен Корея алаңдарындағы ойында керемет шеберлік көрсетті. Бұл функционерлер үшін Воскобойниковты өскемендік «Востоктың» жартылай қорғаушысы Павел Евтеевтен жоғары қоюының негізгі факторы да болған шығар. Себебі бұл футболшы да маусымды керемет өткізген еді.
- 1998 жылы Олег Воскобойников қызылордалық «Қайсар- Харрикейн» командасында өнер көрсетіп, қатарынан үшінші рет Қазақстанның Үздік футболшысы атанды.