1999-2000.

  • Игорь АВДЕЕВ (10.01.1973, Жамбыл қ.).
    1999 жылғы маусымда республикалық спорт интернатының тəрбиеленушісі чемпионаттың сол жақтағы үздік шабуылшысы деп танылып, Петропавлдан келген өршіл «Аксесс-Голден-Грейн» сапында бақ сынады, алайда чемпиондық жарыста павлодарлық «Ертіске» жол берді. Келесі жылы оқиға қайталанды. «Аксесс-Голден-Грейн» турнирде алдыңғы шептен көрінді, алайда қорытынды сəтте алтын матчты «Жеңіске» берді. Екі күміс маусымда да Игорь Авдеев үздік футболшы сыйлығының иегері атанды.
  • 1999 жылы ол 23 матчта қарсыласқа 13 гол соқты. Ал 2000 жылы 24 ойында 10 гол, сонымен қатар Қазақстан құрамасы үшін Бахрейн, Иордания жəне Катар қақпаларына 3 доп салды.