• 2013.
  • Андрей ФИНОНЧЕНКО (21.06.1982, Қарағанды).
  • Анатолий Чудиновтың тəрбиеленушісі əлемдік футбол тарихындағы қызықты матчтардың бірі болған күні дүниеге келді. Испаниядағы Əлем кубогы-82 Франция – Кувейт ойыны кезінде (4:1) кеңестік төреші Ступар алдымен Таяу Шығыс команданың қақпасына кірген голды алып тастады, Шейх алаңға шыққаннан кейін қайта санады. Сол матчтағы голдардың бірі сол күні өзінің 27 жылдығын атап өткен УЕФА мен ФИФА-ның болашақ Президенті Мишель Платинидің есебінде болды. Бір қызығы, Қазақстан Кубогы-2013 финалдық матчынан кейін Мишель Платини қарағандылық «Шахтер» командасының капитаны Андрей Финонченкоға құрмет жүлдесінің иегері медалін табыстайды! Міне, осындай тарихи параллель.
  • Андрей Қазақстандық футболдың 100 жылдығы қарсаңында бабында болды! «Астана-Аренада» өткен чемпионат матчында алаң иелеріне жеңісті гол соқты. Бірнеше күннен кейін осы стадионда шотландиялық «Селтиктің» қақпасына тарихи жеңіске (2:0) алып келген керемет гол соқты. Оның дублі жеңілуге жақын қалған «Қайрат» командасымен болған матчты құтқарып қалды (3:3), кеншілер 0:3 есеппен есе жіберіп жатқан болатын. Ол Еуропа Лигасының «Маккабимен» болған алғашқы топтық матчта қақпаны бағындыруымен ерекшеленді. Фарер аралдарының қақпашысын бірнеше мəрте састырды, соның бірі əдемі алыстан бағыттаған соққысы болатын. Финонченко өзінің мансабында тек «Шахтер» үшін өнер көрсетті.