Skip to content
- 1995.
- Андрей МИРОШНИЧЕНКО (21.12.1968, Краснодар қ.)
Краснодар футболының тəрбиеленушісі, үлкен футболда жолын «Достықтан» (Майкоп) бастады. Əскерде борышын өтегеннен кейін «Актюбинец» сапында өнер көрсете бастады. Ол өзінің алғашқы чемпиондық маусымында семейлік «Елімай» үшін ойнап, маусымның нағыз бомбардирлік хитіне айналды – чемпионаттың 29 ойынында 23 гол жəне Қазақстан Кубогында 5 гол соқты жəне финалда жеңіс голының авторы! Мирошниченконың сол маусымдағы екі покері – Азия чемпиондары Кубогында ферғаналық «Нефтчи» мен алматылық «Қайрат» қақпасына соғылған болатын.