• Футзал – екі команданың залдағы ойыны. Халықаралық стандарттарға сәйкес матч алаңының өлшемдері: ұзындығы 38-42 м, ені 20-25 м. Матчтың ұзақтығы –20 минуттан «нақты» 2 таймды қамтиды. Доп өлшемі көгалдағы футбол добына қарағанда кішірек келеді. Алаңда (паркетте) 4 алаң ойыншысынан тұратын 2 команда және қақпашы өнер көрсетеді. Ойыншыларды алмастыру матч барысында жүзеге асырылады, олардың саны шектелмейді. Футзалда офсайд қарастырылмайды. Қақпаның өлшемі – 3х2 (м).
  • Футзал Қазақстанда бұқаралық спорт түрлері арасында жоғары танымалдылыққа ие. Бұл Қазақстан футзалының халықаралық аренадағы жетістіктеріне байланысты.
  • Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионаттарының қатысушысы (2000, 2016, 2021). Жоғары жетістік – 4-ші орын (2021).
  • Азия Вице-чемпионы (2000), қола жүлдегері (1999).
  • Еуропа чемпионатының қола жүлдегері (2016).
  • Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының ең танымал ойыншылары: Дінмұхамбет Сүлейменов, Шыңғыс Есенаманов, Лео Игита, Серік Жаманқұлов, Дуглас да Силва Нергейрос, Тайнан да Силва Рего, Дәурен Нұрғожин, Дәурен Тұрсағұлов, Біржан Оразов (ЕЧ-2022 үздік бомбардирі – 7 гол) және т. б.
  • Клуб деңгейінде АФК (Алматы футзал клубы) «Қайрат» 2003 жылдан бастап Қазақстан чемпионатында қатарынан 20 рет жеңіске жеткен рекордсмен.
  • «Қайрат» АФК – УЕФА Чемпиондар Лигасының жеңімпазы (2012-2013, 2014-2015); құрлықаралық кубоктың иегері (2014); Еременко Кубогының иегері (4 рекорд) – 2014-2018; футзалдан «Record International Masters Cup»  халықаралық турнирінің жеңімпазы (2023).
  • Футзал жастар арасында өте танымал. 2018 жылы Қазақстанның студенттер құрамасы Алматыда футзалдан студенттер арасындағы әлем чемпионатында 2-ші орынды иеленді.

 

 

1999. Футзалдан Қазақстан құрамасы

2013. «Қайрат» Алматы – УЕФА Чемпиондар Лигасының жеңімпазы

2018. Футзалдан Қазақстан студенттер құрамасы

2021. Футзалдан Қазақстан құрамасы