• КСРО әйелдер футболы 1970-1980 жылдары дами бастады. Дегенмен, ол әлі де гольф және шығыс жекпе-жек өнерімен бірге экзотикалық спорт түрлерінің тізімінде болды.
  • 1974 жылы Ақтөбеде алғаш рет әйелдер командалары арасында облыс біріншілігі өтіп, оған 15 команда қатысты. Финалда облыс орталығының екі көшбасшы командалары – «Илек» пен «Иволга» кездесті. Ең аз есеппен «Иволга» өкілдері облыс чемпионы атанды.
  • 1988 жылБүкілодақтық жарыстарға қазақстандық клубтық әйелдер командасының алғашқы ресми қатысуы болды. «Претендент» әйелдер футбол клубы Мәскеу түбіндегі Кашира қаласында өткен «Собеседник» апталығының жүлдесі үшін ІІ Бүкілодақтық турнирге қатысты.
  • 1989 жылғы маусымда «Грация» (Алматы) әйелдер клубы кәсіподақтардың Бүкілодақтық ерікті дене шынықтыру және спорт қоғамының (ВДФСОП) чемпионатына қатысты. Бірінші кезеңде Сібір-Азия аймағының командалары 5 турдан тұратын турнир өткізді (әр команда бір турды өз елінде өткізеді): «Грация» (Алматы); «Сибирячка» (Красноярск, 25-27.08.1989); «Олимп» (Қарағанды); «Тохучу» (Баку, орыс тіліне аударғанда «Текстильщицы») және «Азалия» (Фрунзе).
  • 1990 жыл – Алматылық «Мерей» командасы жоғары лига командалары арасындағы әйелдер арасындағы КСРО чемпионатына қатысқан алғашқы қазақ клубы болды.
  • 1991 жыл – Алматылық «Мерей» командасы Германиядағы (ГФР) Халықаралық әйелдер турнирінде Германия, Швейцария, Венгрия және басқа елдерден келген 33 команданы басып озып, жеңімпаз атанды.
  • 1993 жыл – Алматылық «Мерей» командасы әйелдер арасындағы Ресейдің 1-ші ашық чемпионатының (ТМД елдері арасында) жеңімпазы атанды. Сол жылы Алматылық «Мерей» командасы әйелдер арасындағы 1-ші ұлтаралық кубоктың жеңімпазы атанды.
  • 1995 жыл – Қазақстан әйелдер құрамасы футболдан әйелдер арасындағы Х Азия чемпионатының іріктеу тобында халықаралық дебют жасады.
  • 1999 жыл – Қазақстан әйелдер құрамасы соңғы Азия чемпионатына қатысып, өз тобында үшінші орын алды.
  • 1999 жылы 7 қарашада Қазақстан әйелдер футбол құрамасының ең ірі жеңісі (8:0 есебімен) Гонконг құрамасымен ойында  тіркелді.
  • 2002 жылы Стокгольмде УЕФА конгресі өтіп, онда Қазақстан футбол одағы Еуропалық футбол қауымдастықтары одағына қабылданды. Нәтижесінде футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы УЕФА аясында матчтар өткізе бастады.
  • «Алма-ҚТЖ»1997-2008 жылдары Алматы қаласының әйелдер футбол клубы.
  • Футбол клубы қазақ әйелдер футболындағы ең атақты клуб саналады. Клуб чемпионаттарда үнемі бірінші орынды иеленді. Оның үстіне 2004 жылы 1-лига командалары арасындағы Ресей чемпионатына қатысып, жеңімпаз атанды. Қазақстан чемпионы (9): 2000, 2001, 2002, 2003, 2004, 2005, 2006, 2007, 2008 ж.
  • 2003 жыл«Алма-ҚТЖ» әйелдер футбол клубы 2003/04 жылғы УЕФА кубогында еуропалық додада дебют жасады, кейін «Темір жолы» хорватиялық «Осиек» клубына топтағы орынын босатты.
  • 2004/05 жылғы УЕФА кубогында «Алма-ҚТЖ» А1 тобында «Славия» (Прага, Чехия), «Супер Спорт» (София, Болгария) және МСК (Жьяр-над-Гроном, Словакия) сияқты клубтарды жеңіп, жарыстың келесі кезеңіне өтті.
  • 2005/06 жылғы УЕФА Кубогында «Алма-ҚТЖ» тағы да А9 тобында жеңімпаз атанды. Бұл жолғы қарсыластар «МТК» (Бухарест, Румыния), «ФК НСА» (София, Болгария) және «АЕ» (Эгина, Греция) сияқты клубтар болды.
  • 2007/08 жылғы УЕФА Кубогында «Алма-ҚТЖ» А9 тобында «1.ФК Фемина» (Бухарест, Румыния), «Нарта» ФК (Кишинёв, Молдова) және «Руслан-93» (Баку, Әзірбайжан) сияқты клубтарды жеңіп, бәсекенің келесі кезеңіне шықты.
  • 2008/09 жылғы УЕФА Кубогында «Алма-ҚТЖ» А6 тобында румыниялық «ЦФФ Клуяна Клуж», хорватиялық «Осиек» и «Гленторанды» (Белфаст, Ирландия) жеңді. Байқаудың келесі кезеңіне өтті.
  • 2008 жылдың соңында «Алма-ҚТЖ» әйелдер футбол клубын шымкенттік кәсіпкер сатып алып, ойыншылардың біразы Шымкентке қоныс аударды. Бұл ойыншылар «БИІК-Қазығұрт»-тың діңгегі болды.
  • 2009 жылы «БИІК-Қазығұрт» әйелдер футбол клубы Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы «Алма-ҚТЖ» базасында құрылған. «БИІК-Қазығұрт» қазақстандық әйелдер футболындағы ең танымал клубтардың бірі болып саналады. Қазақстан чемпионы (12, рекорд): 2011, 2013, 2014, 2015, 2016, 2017, 2018, 2019, 2020, 2021, 2022, 2023. Қазақстан кубогының жеңімпазы (13, рекорд): 2010, 2011, 2012, 2013, 2014, 2015, 2016, 2017, 2018, 2019, 2021, 2022, 2023. Ресей теміржолшылары халықаралық кубогының финалисті (Ресей, Мәскеу қ.): 2022.
  • 2022 жылы БИІК-Қазығұрт клубы «БИІК-Шымкент» ӘФК болып өзгертілді. Заманауи Шымкенттің даму тарихы қаланың визиттік картасы болып табылатын БИІК деп аталатын футбол кешенімен тығыз байланысты. Қалада футбол орталығының қалыптасуымен қатар әйелдер футболы дамыды. Қол жеткізген нәтижелердің арқасында ол Қазақстанның түкпір-түкпірінен келіп қыздардың шұғылданатын культтік спорт түріне айналды. Қазіргі уақытта орталық әйелдер футболынан Қазақстан құрамаларын дайындайтын базаға айналды.
  • 2019 жыл — «БИІК-Қазығұрт» Өзбекстанның Джизак қаласында өткен «Jizzakh Women’s Cup-2019» халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды. Турнирге бес команда қатысты: Қазақстанның «БИІК-Қазығұрт», Қырғызстанның U-19, 19 жасқа дейінгі жастар құрамасы, Өзбекстанның екі клубы — «АГМК-Women» және «Согдиана-W», сондай-ақ Өзбекстанның әйелдер құрамасы. «БИІК-Қазығұрт» өткізген кездесулердің барлығында жеңіске жетті.
  • 2022 наурыз-қазан – Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығымен бірлесіп, қыздар арасында «Менің ойыным» футбол фестивалін өткізді. Мұндай акцияның басты мақсаты – Қазақстанда әйелдер футболын танымал ету.
  • 2022 жыл, қазан – Қазақстанның Алматы қаласында U-19, 19 жасқа дейінгі әйелдер құрамалары арасында Еуро 2022/23 іріктеу турнирі өтті. 19 жасқа дейінгі әйелдер құрамасы В лигасының 7 тобында Чехия және Андорра құрамаларына қарсы ойнады.
  • 2022 жыл, қараша — Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) Атқарушы комитеті УЕФА Әйелдер Ұлттар лигасын құрды, жарыс Олимпиадаға іріктеу турниріне айналады, сонымен қатар Еуропа чемпионаты мен әлем чемпионатына іріктеу кезеңіне әсер етеді.
  • 2023 жыл – Қазақстан футбол федерациясы УЕФА-мен бірлесіп Disney компаниясымен серіктестікте UEFA Playmakers инновациялық жобасын іске қосады. UEFA Playmakers жобасы 5 пен 8 жас аралығындағы бұрын соңды футбол ойнап көрмеген қыздарды футболмен айналысуға шабыттандыруға бағытталған.
  • 2009 жылдан 2023 жылға дейін – (U-17) 17 жасқа дейінгі футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы футболдан Еуропа чемпионатының іріктеу турнирлерінің тұрақты қатысушысы болып табылады.
  • 2005 жылдан 2023 жылға дейін – (U-19) 19 жасқа дейінгі футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы футболдан Еуропа чемпионатының іріктеу турнирлерінің тұрақты қатысушысы болып табылады.
  • 2005 жылдан 2023 жылға дейін –  футболдан Қазақстан ұлттық әйелдер құрамасы Еуропа чемпионаты мен футболдан әлем чемпионатының іріктеу турнирлерінің тұрақты қатысушысы болып табылады.