• 21.04.1959.
  • «Фейеноорд» мектебінің тәрбиеленушісі.

Ойыншы мансабы:

  • «Фейеноорд» Роттердам, «Папендрехт» – 1970-1980 жж.

Бапкерлік мансабы:

  • «Эксельсиор» Роттердам, Нидерланды, бас бапкер – 1981-1982;
  • «Олимпия» Гауда, Нидерланды, бас бапкер – 1982-1987;
  • U-16 жастар құрамасының бас бапкері және Нидерландының олимпиадалық және ұлттық құрамалары бапкерінің ассистенті – 1997-2000. U-16 Жастар арасындағы Еуропа чемпионатының 3-ші жүлдегері (2000);
  • «Флора» Таллинн, Эстония және Эстония ұлттық құрамасының бас бапкері – 2000-2004. Эстония чемпионы (2001-2003). Эстония Суперкубогының иегері (2002-2003);
  • Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері – 2005-2008;
  • «Астана» – 2006, бас бапкер, Қазақстан чемпионы (2006);
  • «Виллем-II» (Тилбург, Нидерланды), бас бапкер – 2010;
  • U-19 Эстония жастар құрамасының бас бапкері – 2012;
  • «Тараз», бас бапкер – 2016;
  • «Флора» Таллинн, Эстония, бас бапкер – 2017-2018. Эстония Премиум Лигасында жылдың Үздік бапкері (2017).

Лауазымдық мәртебесі:

  • Нидерланды футбол қауымдастығының жастарды дамыту жөніндегі менеджері (1988-97). «Утрехт» Нидерланды – Техникалық директор (2005). «Зенит» Санкт-Петербург, Ресей – Жастар департаментінің меңгерушісі (2009-2010). Эстония футбол одағы Жастар департаментінің басшысы (2012-2013).

Қазақстан ұлттық құрамасы

  • 2005 жылғы желтоқсан мен 2008 жылғы қыркүйк аралығында Қазақстан құрамасының бас бапкері болды.
  • Оның жетекшілігімен команда XIII Еуропа чемпионатының (ЕУРО-2008) іріктеу турнирінің екі турдан тұратын «А» тобында өнер көрсетіп, Бельгия, Финляндия, Сербия, Португалия және Польша құрамаларын алға жіберіп, Армения мен Әзірбайжан құрамаларын ұтты және 8 команданың ішінде 6-орынға ие болды.
  • Кипрдегі халықаралық турнирге және Таиланд королінің кубогына (2006) қатысты.
  • Әзірбайжан, Қырғызстан және Өзбекстан құрамалары қатысуымен Шымкентте өткен АЛМА-ТВ кубогы үшін халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды (2007).
  • А.Пейперстің жетекшілігімен ұлттық құрама барлығы 36 кездесу өткізді: +7-18=11, голдар 29-51 (жинаған ұпай 29,6 %).
  • Ең үлкен жеңісі: 02.07.2006 ж. Алматы. Қазақстан – Тәжікстан 4:1, 20.08.2008 ж. Алматы. Қазақстан – Андорра 3:0.
  • Ең үлкен жеңілісі: 23.05.2008 ж. Москва. Ресей – Қазақстан 6:0.
  • ТОП-тарих: А. Пейперстің басшылығымен Қазақстан құрамасы ең көп – 36 матч өткізіп, УЕФА ресми ойындарында өз алаңында бірінші жеңісіне қол жеткізді (24.03.2007. Алматы. Қазақстан – Сербия 2:1), сондай-ақ алаң иелерін де ұтты (21.11.2007. Ереван. Армения – Қазақстан 0:1).