• 06.07.1947.
  • Қарағанды футболының тәрбиеленушісі.
  • Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1997).

Ойыншы мансабы:

  • «Шахтер» Қарағанды – 1966, 1973-1975;
  • «Металлург» Теміртау – 1967-1968;
  • «Строитель» Теміртау – 1969-1970.

Бапкерлік мансабы:

  • «Шахтер» Қарағанды, бапкер – 1978;
  • «Шахтер» Қарағанды командасының  жетекшісі – 1982-1984. КСРО біріншілігінің екінші лигасы VIII аймағының жеңімпазы (1982);
  • «Шахтер» Қарағанды, бас бапкер – 1991-1996, 2000. Қазақстан чемпионатының 3-ші жүлдегері (1995);
  • Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері – 1995-1997;
  • «Ертіс Павлодар, бас бапкер – 1998;
  • «Жетісу» Талдықорған, бас бапкер – 2000;
  • «Есіл» Көкшетау, бапкер  – 2001-2002.

 

Қазақстан ұлттық құрамасы

  • 1995-1997 жж. Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері. Оның басшылығымен құрама 1996 жылы Иранда өткен халықаралық турнир – «Нагше Джахана» Кубогын жеңіп алды.
  • АФК Азия Кубогының 7-ші іріктеу тобында өнер көрсетті және Катар мен Сирия командаларын алға жіберіп, 3 команданың ішінен 3-ші орынға ие болды.
  • Келесі жылы оның басшылығымен құрама Ирак пен Пәкістан құрамалары қатысқан АФК XV Әлем Кубогы-1998 1-ші раундының IX-ші тобында жүз пайыздық ұпай жинап, жеңіске жетті.
  • АФК XV Әлем Кубогы – 1998 финалдың іріктеу кезеңінде «В» тобында Қазақстан құрамасы Өзбекстан, БАӘ, Жапония және Корея құрамаларын алға жіберіп, 5 команданың ішінен 5-ші орынды иеленді.
  • Бапкердің басшылығымен Қазақстан құрамасы барлығы 20 матч өткізді: +6-10=4, голдар 24-35 (жинаған ұпай 40 %).
  • Ең үлкен жеңіс: 11.06.1997. Лахор. Пәкістан – Қазақстан 0:7.
  • ТОП-тарих: С. Бердалин – XV Әлем кубогы-1998 іріктеу кезеңінде АФК біліктілігінің финалдық кезеңіндегі барлық бапкерлердің ішінде Қазақстан құрамасы өз алаңындағы бірде-бір матчта ұтылмаған жаттықтырушы.