• 27.08.1952.
  • Шымкент футболының тәрбиеленушісі.

Ойыншы мансабы:

  • «Мелиоратор» Чимкент – 1976-1985, КСРО біріншілігінің екінші лигасы VIII аймағының жеңімпазы (1985), Қазақ КСР кубогының иегері (1984-1985).
  • КСРО біріншілігінің екінші лигасы VIII аймағының үздік сұрмергені (1984) – 18 гол. ҚКФ арасында Қазақ КСР біріншілігінің үздік сұрмергені (1980) –  50 гол.
  • «Қайрат» Алматы – 1993.

Бапкерлік мансабы:

  • «Мелиоратор» Шымкент, аға бапкер – 1986-1988. КСРО біріншілігінің екінші лигасы VIII аймағының жеңімпазы (1986-1987);
  • «Қайрат» Алматы, бапкер және аға бапкер – 1989-1993, 2005-2006. Қазақстан Республикасының чемпионы және кубок иегері  (1992);
  • Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері – 1992-1993;
  • «Ордабасы» Шымкент, бас бапкер – 2003-2004, 2015-2017;
  • «Атырау», бас бапкер –  2007.
  • Лауазымдық мәртебесі: ҚФФ Президентінің кеңесшісі – 2006. «Ордабасы» Шымкент клубының Президенті – 2017-2018, 2020-2022.

 

Қазақстан ұлттық құрамасы

 

  • 01.06.1992-1993 жж. Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері. Оның басшылығымен ұлттық құрама өзінің алғашқы халықаралық турнирінде жеңіске жетті. Турнирге бұрынғы Кеңес Одағы Орталық Азия елдерінің құрамалары – Тәжікстан (2-ші турдан кейін бас тартты) Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстан қатысты. БАҚ-та турнир «Азия Кубогы» атауымен өтті.
  • С. Байсейітовтың жетекшілігімен Қазақстан құрамасы 7 матч өткізді: +4-0=3, голдар 8-3 (жинаған ұпай 71,4 %).
  • Ең үлкен жеңіс: 25.10.1992. Қызылорда. Қазақстан – Қырғызстан 2:0.
  • ТОП-тарих: Бақтияр Байсейітов – Қазақстан футбол тарихында ұлттық құраманың бапкері және ойыншысы болған жалғыз футболшы.