• 08.07.1925 – 16.08.1996.
  • Танымал футбол төрешісі, спорт журналисі және функционер.
  • КСРО футбол федерациясы кеңесінің мүшесі (1979-1991). Алматы қаласы мен «Локомотив» (Алматы) – 1954 және «Урожай» (Алматы) командаларының жетекшісі – 1955.
  • Төрешілік мансабы:
  • Бүкілодақтық санаттағы төреші (1961).
  • Футболдан КСРО кубогы үшін финалдық ойынның бас төрешісі (08.08.1970 ж., «Динамо» Мәскеу – «Динамо» Тбилиси).
  • Қазақстандық төрешілердің ішінде бірінші болып КСРО-ның үздік футбол төрешілерінің ондығына енді (1968).
  • 1946-1975 жж. футболдан КСРО чемпионатының (Жоғары, Бірінші, Екінші лига, «Б» класы), КСРО Кубогы, Қазақ КСР чемпионаты және Қазақ КСР Кубогы матчтарына қызмет етті.
  • Бас төреші (рефери) ретінде КСРО чемпионатының Премьер-лигасында («А» класының бірінші тобы) 79 матч өткізген.
  • Нидерланды – Англия матчында төрешінің ассистенті (1969).
  • Польша – Ирландия матчының төрешісі (1973).
  • Орталық Республикалық стадионның (Алматы) директоры, Алматы Орталық стадионының директоры, Қазақ КСР футбол федерациясы төрағасының орынбасары, Мемлекеттік спорт комитетінің футбол және хоккей бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.
  • Алматы қаласындағы футбол күнтізбелік-анықтамалығының құрастырушы-авторы (1951, 57,60, 62, 63 (1), 63 (2), 64 (1), 64 (2), 65, 66, 67, 69, 73, 78, 84, 85, 86, 87, 88, 89, 90).