Skip to content
- 20.10.1940 – 05.07.2020.
- Алматы футболының тәрбиеленушісі. Бірінші жаттықтырушы – Г.А. Козелько.
- 1959-1966 жж. «Қайрат» Алматы командасында өнер көрсетті. КСРО чемпионатында («А» сыныбы, «А» сыныбының бірінші тобы) кемінде 23 ойын өткізіп, 4 гол соқты. КСРО Кубогына кемінде 3 ойын өткізді. 60-шы жылдардың бірінші жартысындағы «Қайраттың» екінші құрамасындағы үздік бомбардирлердің бірі.
- 1960 жылдан – «Қайрат» ЕСҚ, «Локоматив» ЕСҚ-да спорт жөніндегі нұсқаушы болып қызмет атқарды. 1966 ж. бастап «Казтелерадиода» спорт комментаторы. 1988 ж. «Казтелерадио» және «Хабар» телеарнасында спорт комментаторы. Футбол бойынша «Қайрат» Алматы командасының, доппен хоккейден «Динамоның» (Алматы) матчтарының, Қазақстан чемпионаты мен кубогы, Қазақстан ұлттық және олимпиадалық құрамасы ойындарының комментаторы. Мәскеудегі XXII Олимпиада ойындарының комментаторы (1980).