• 21.12.1968.
  • Краснодар футболының тәрбиеленушісі. Бірінші жаттықтырушы –                    А. Сахаров.
  • Шабуылшы, жартылай қорғаушы.
  • Қазақстан Республикасының спорт шебері.
  • КСРО біріншілігінің екінші лигасы VIII аймағының жеңімпазы (1991) – «Ақтөбе».
  • Қазақ КСР Кубогының иегері (1991) – «Ақтөбе».
  • Қазақстан Чемпионы – «Елімай» Семей (1995, 1998), «Ертіс» Павлодар (1999).
  • Қазақстан Кубогының иегері– «Елімай» Семей (1995).
  • Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері– «Елімай» Семей (1996)
  • Орталық Азия кубогы үшін Қазақстан ұлттық құрамасының құрамында Халықаралық турнирдің жеңімпазы («Азия кубогы») (1992).
  • Қазақстанның үздік футболшысы (1995).
  • Қазақстан чемпионатының үздік бомбардирі (1995) – 27 гол.
  • «100» қазақстандық бомбардирлердің символдық клубының мүшесі.
  • Қазақстанның үздік футболшыларының тізімінде: № 1 (1992, 1994-1995); № 2 (1996, 1999).
  • Тәуелсіз Қазақстан чемпионаттарында 100-ші гол соққан футболшылардың алғашқысы (24.10.1999 ж. «Ертіс» – «Синтез»).
  • 2000 жылғы ақпанда «Азия айлығының үздік голы» АФК жүлдесінің лауреаты. Гол XIX Азия чемпиондары Кубогының ширек финалдық турнирінде бағдадтық «Полис клабтың» қақпасына соғылды.

Бапкерлік мансап:

  • «Ақтөбе-Ленто», бапкер – 2002-2003;
  • «Ақтөбе-Ленто», бас бапкер – 2002-2003;
  • «Спартак» Семей, бас бапкер – 2006-2008;
  • «Восток» Өскемен, бас бапкер – 2009;
  • «Гефест» Сарань, бас бапкер – 2010;
  • «Тарлан» Шымкент, бапкер – 2011;
  • «Ақтөбе», бапкер-селекционер – 2012;
  • «Ақтөбе» дене шынықтыру жаттықтырушысы – 2013-2015;
  • «Ақтөбе» спорт директоры – 2014;
  • «Тобол» Қостанай, бапкер – 2018-2019;
  • «Тобол» Қостанай, техникалық директор – 2020 ж. бастап.