- 04.10.1950 – 13.05.2009.
- Орал футболының тәрбиеленушісі.
- Бірінші лига командалары арасында КСРО біріншілігі турнирінің жеңімпазы (1976).
- Екінші лига командалары арасында КСРО біріншілігінің аймақтық турнирінің жеңімпазы (1971).
Клубтық мансабы:
- «Уралец» Орал – 1968-1970;
- «Спартак» Семей – 1971;
- «Қайрат» Алматы – 1972-1978;
- «Актюбинец» Ақтөбе – 1978.
- КСРО чемпионатының жоғарғы лигасында (1972-1974, 1978) – 70 матчқа қатысып, 37 гол салды. КСРО чемпионатының бірінші лигасында (1975-1976) – 70 матчта 39 голдың автры атанды. КСРО Кубогы ойындарында – 10 матчта 4 гол соқты. «Б» сыныбындағы командалар арасында КСРО біріншілігінде (1968-1970) – 53 голдың авторы. Екінші лига командалары арасында КСРО біріншілігінде (1971) – 22 голдың иесі атанды. 1975 жылы бірінші лига командалары арасында КСРО біріншілігінің үздік бомбардирі атағына ие болды (27 доп).
- Анатолий Ионкин 1974 жылғы КСРО чемпионатында өзінің ең жақсы бомбардирлік қасиеттерімен танылды. Қайраттық ойыншы ұзақ уақыт бойы чемпионаттың үздік бомбардирлер сапында көш бастады. 1974 жылғы маусымда ол тбилисилік «Динамоның» қақпасына 5 минуттың ішінде хет-трик жасады.
- Ойыншы мансабын аяқтағаннан кейін «Джезказганец» Жезқазған (1988-1989), «Уралец» Орал (1989-1990) командаларының және футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері болып жұмыс істеді. ҚФО-да жарыстарды өткізу департаментінің директоры, ҚФФ-да футзал бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды. 2008 жылғы 21 наурыздан 2009 жылғы 13 мамырға дейін ҚФФ Вице-президенті болды.