• 15.03.1944 – 26.03.2017.
  • Қарағанды футболының тәрбиеленушісі. Алғашқы бапкері – Х. Газелериди.
  • КСРО спорт шебері (1967).
  • Бүкілодақтық санаттағы төреші (1984).
  • Халықаралық теміржолшы спортшылар одағы кубогының иегері (1971).
  • «Б» сыныбы командалары арасында КСРО біріншілігінің жеңімпазы (1962).
  • «А» сыныбының екінші кіші тобы командалары арасында КСРО біріншілігінің жеңімпазы (1967).
  • «100» қазақстандық бомбардирлердің символдық клубының мүшесі.

Бапкерлік мансабы:

  • «Шахтер» Қарағанды, бапкер – 1975.

Төрешілік мансабы:

  • 1975-1990 жж. Жоғарғы, 1-ші және 2-ші лига командалары арасындағы КСРО чемпионатының матчтарына, КСРО Кубогының ойындарына, УЕФА Кубогы мен Еуропа чемпионатының жастар құрамасы ойындарына төрелік жасады. Барлығы 206 ойынның 170-де төреші ретінде қызмет етті.