Футзалдан Қазақстан құрамасы Нидерландыда өткен Еуропа-2022 чемпионатына қатысты. Рикардо Каканың шәкірттері топтық кезеңде Словенияға (4:4), Финляндияға (6:2) және Италияға (4:1) қарсы ойнады. Бірақ ширек финалда Қазақстан құрамасы Украина командасынан (3:5) жеңілді. Еуро-2022 қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының шабуылшысы Біржан Оразов 5 матчта 7 гол көрсеткішімен турнирдің үздік бомбардирі атанды.

 

28 ақпанда Астана қаласында Қазақстан футбол федерациясының XXI кезекті конференциясы өтіп, ұйымның жаңа президенті сайланды. Ең көп дауыс жинаған Әділет Барменқұлов болды. Қазақстан футбол федерациясының 14 мүшесі Барменқұловқа, 11 – і Берік Қаниевке, 1 – і Дэвид Лорияға, 0 – і Қайрат Оразбеков пен Еран Жарылқасиновқа дауыс берді.

 

2 наурызда қазіргі чемпион — «Тобыл» мен ел Кубогының иегері – «Қайрат» командасының қатысуымен ҚР Суперкубогының 15 – ші ұтыс ойыны Астана Арена стадионында өтті. Қостанай командасы 2:1 есебімен жеңіске жетіп, екінші рет қатарынан Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды.

 

5 наурызда Olimpbet — футболдан Қазақстан чемпионатының 31-ші маусымы басталды және оған 14 команда қатысты. Қазақстан Премьер-лигасының 2022 маусымынан бастап VAR жүйесі қолданыла бастады. «Астана» футбол клубы 26 матчта 53 ұпай жинап, жеті дүркін ел чемпионы атанды.

 

24 және 29 наурызда футболдан Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар Лигасының «С» лигасында қалу құқығы үшін Молдоваға қарсы ойнауы керек еді. Екі матчтық қарсыласу қорытындысы бойынша бас бапкердің М.А.Андрей Карповичтің басшылығымен Қазақстан құрамасы матчтан кейінгі пенальти сериясында молдавандарды жеңіп, «С» лигасында қалды (жалпы есеп 2:2, пенальти – 5:4).

 

6 мамырда Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері лауазымына 44 жастағы ресейлік маман Магомед Адиев тағайындалды.

 

Маусым айында Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар Лигасының жаңа маусымын бастады. Қазақстан Әзірбайжан, Словакия және Беларусь құрамаларымен бірге «С» Лигасының 3 тобына кірді. Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша Магомед Адиевтің шәкірттері өз тобын мерзімінен бұрын жеңіп, Еуропа-2024 чемпионатының өтпелі матчтарында ойнауға мүмкіндік алды. Турнир барысында Қазақстан құрамасы төрт рет жеңіске жетті, бір рет тең ойнады және бір жеңіліске ұшырады.

 

Киберфутболдан Қазақстан құрамасы алғаш рет Данияда өткен FIFAe Nations Cup 2022 әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды. Қазақстан құрамасы Ақназар Бексейітов және Олжас Есентаевпен екі іріктеу кезеңінен өтті. Алдымен біздің киберфутболшылар Катар, БАӘ, Грузия, Бахрейн және Марокко сияқты командалармен ойнады. Келесі циклде Оңтүстік Африка, Марокко, БАӘ, Кувейт және Сауд Арабиясы қарсылас болды. Копенгагендегі FIFAe Nations кубогында Қазақстан құрамасы лайықты ойын көрсетіп, турнирдің плей-офф кезеңіне қадам басты.

 

Шілде айында жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Кишиневтегі Еуролига — 2022-ге қатысып, «В» дивизионының төртінші үздік командасы атанды. Сәтті өнер көрсетудің арқасында біздің жағажайшылар келесі маусымдағы Еуролиганың жоғарғы дивизионына жолдама алды.

 

Қыркүйек айында футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу басталды. Біздің негізгі раундтағы қарсыластарымыз Словения мен Черногория командалары болды. Рикардо Каканың шәкірттері негізгі раундта сәтті басталып, үш матчта үш рет жеңіске жетті.

 

19 қыркүйекте Астанада Қазақстан футбол федерациясының конференциясы өтті. Онда 2034 жылға дейінгі қазақстандық футболды дамыту стратегиясы бекітілді. Сондай-ақ, конференция қорытындысы бойынша ҚФФ Атқару Комитетінің жаңа құрамы сайланды.

 

9 қазанда футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесі өтті. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы Дания, Финляндия, Словения, Солтүстік Ирландия және Сан-Мариномен бірге «H» тобына түсті. Іріктеу ойындары 2023 жылдың наурыз айында басталады.

 

8-11 қараша аралығында Қазақстан астанасында UEFA Assist және UEFA Academy бағдарламалары аясында Орталық Азия елдерінің футбол қауымдастықтары, сондай-ақ ҚР Өңірлік федерациялары мен футбол клубтары мамандарының қатысуымен UEFA STEP білім беру семинары өтті.

 

Желтоқсан айында Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев, сондай-ақ команда қақпашысы Игорь Шацкий маусым қорытындысы бойынша жоғары марапаттарға ие болды. «Алтын Адам – Жыл адамы» жобасының нұсқасы бойынша Магомед Мұсаұлы Жыл жаттықтырушысы болып танылды. Өз кезегінде құрамамыздың қақпашысы «Жыл спортшысы» номинациясын жеңіп алды.