• 28.08.1950 – 12.07.2023.
  • Жамбыл футболының тәрбиеленушісі. Алғашқы бапкері – В.Г. Новоторжин.
  • КСРО спорт шебері (1972).
  • КСРО ұлттық құрамасының құрамында 78-ші Әлем кубогының іріктеу матчтарындағы 2 матчта өнер көрсетті (Венгрия – 0:2, Греция – 0:1). КСРО жастар құрамасында ойнады (1972).
  • Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
  • Теміржолшылар халықаралық спорт одағы кубогының иегері (1971).
  • «Неделя» басылымы сыйлығына арналған Халықаралық турнирдің жеңімпазы (1981).
  • Ойыншы мансабы: «Қайрат» (одан әрі – ЖГМҚИ) «ДШҰ» Жамбыл – 1966; «Энергетик» Жамбыл –  1968-1970; «Қайрат» Алматы – 1971-1981.
  • КСРО чемпионатында (жоғарғы лига) – 225 матчта ойнап, 7 гол соқты. «Қайраттың» капитаны ретінде қызмет етті – 1974-1981.
  • Қазақстан футбол федерациясының Президенті (2016-2018).
  • Қазақстан футбол федерациясының құрметті қайраткері (2018).
  • ҚФФ Президентінің кеңесшісі (2019-2023).
  • Марапаттары:
  • «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен (2016);
  • Қазақстандық спорттың дамуына және 70 жылдығына ерекше үлес қосқаны үшін «Парасат» орденімен (2020) марапатталған.