• 12.05.1941– 15.12.2017.
  • Алматы футбол мектебінің тәрбиеленушісі. Бірінші бапкері – Г. Козелько.
  • КСРО спорт шебері (1963).
  • Қазақ КСР және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1973).
  • Қазақстан Республикасы Футбол қауымдастығының бас хатшысы (1992-1994, 1996-2000).
  • Қазақстан Республикасы Футбол қауымдастығының Президенті (1994-1996).
  • Клубтық мансабы: «Қайрат», Алматы (1960-1969). Жоғарғы эшелон командалары арасындағы КСРО чемпионатында (1960-1964, 1966-1969) 168 матч өткізді, 13 гол соқты. «А» класы екінші тобының командалары арасында КСРО біріншілігінде (1965) – 44 матч өткізіп, 6 гол соқты. КСРО кубогы үшін ойындарда кемінде 8 матч өткізіп, 1 голдың авторы атанды. КСРО біріншілігінде қосалқы құрамдар арасында 17 гол салды.
  • 1967-1969 жж. – «Қайрат» командасының капитаны. Ол 1964 жылы 26 тамызда «Лужникиде» өткен мәскеулік «Спартакпен» (2:0) ойыннан кейін бүкілодақтық атаққа ие болды. Екі голды да Тимур Сегізбаев соқты және Қазақстанның ХХ ғасырдағы ең үздік 11 футболшысының тізіміне енді.
  • Марапаттары мен атақтары:
  • Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері (2008).
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің орденімен (2011), «Отан» орденімен (2016) марапатталған.
  • Ресей футболының 100 жылдығына орай Ресей Федерациясының Президенті Б.Н. Ельцин (1997) марапаттаған жалғыз қазақстандық футболист.