- 2022 жылғы 28 ақпанда Астанада Қазақстан футбол федерациясының ХХІ кезекті конференциясында ұйымның жаңа президентін сайлау өтті. Ең көп дауыс жинаған Әділет Барменқұлов Қазақстан футбол федерациясының басшысы болып сайланды.
- Әділет Барменқұлов 1971 жылы 20 қарашада Қазақ КСР Талдықорған облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Халықаралық бизнес академиясын, «Әділет» жоғары заң мектебін, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясын (магистратура) және Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетін бітірген.
Еңбек өтілі:
- Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасының ассистенті (1993-1995);
- «Tamos Education» ЖАҚ оқу орнының директоры (1995-1999);
- «Tamos» физика-математика мектебінің директоры (1999-2000);
- «Аналит мұнай және мұнай өнімдерін сараптау және сертификаттау орталығы» ЖШС бас директоры (2000-2002);
- «Таймас» компаниялар тобының Президенті (2001-2005);
- «Атамекен» Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің ұлттық одағы басқармасының мүшесі (2005-2006);
- «Еуразиялық зерттеу институты» Қорының бас директоры (2006);
- Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің төрағасы (07.2007-02.2012);
- Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және коммуникациялар комитетінің төрағасы (02.2012-09.2012);
- «Арқа» Басқарушы инвестициялық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы, Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі (2012-2014);
- «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Kazakhmys Holding» коммерциялық директоры (10.2014-11.2016);
- «Kazakhmys Smelting (Казахмыс Смэлтинг)» ЖШС бас директоры (11.2016 ж. бастап);
- «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары, «Kazakhmys Smelting» ЖШС бас директоры (03.2020 ж. бастап);
- «Атамекен» Одағы Үйлестіру кеңесінің мүшесі (03.2005-06.2007); Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі (04.2005-04.2007); «Шахтер» ФК директорлар кеңесінің төрағасы; Қазақстан футбол федерациясы Атқару комитетінің мүшесі.
Мемлекеттік наградалары, сыйлықтары және құрметті атақтары:
- «Құрмет» Ордені (2018), «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медалі (2008), «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» медалі (2020), «Қазақстанның тұңғыш мысы» ведомстволық төс белгісі (2018).