Skip to content
- 01.01.1930 – 15.09.2019.
- 1970-1986 жж. Алматы облысы бойынша партия комитетінің ұйымдастыру-әкімшілік бөлімінің меңгерушісі, Алматы қалалық партия комитетінің екінші хатшысы, Алматы облысы бойынша партия комитетінің хатшысы болды.
- Бүкілодақтық «Білім» қоғамы мен Бейбітшілікті қорғау кеңестік комитетінің мүшесі, Қазақстан комитеттері төрағасының орынбасары, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.
- Филология ғылымдарының кандидаты, «Халықтар достығы», «Еңбек даңқы», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет» ордендері мен медальдарының иегері. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Алматы облысының құрметті азаматы. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағы берілген.
- Ұзақ жылдар Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейін басқарды.
- 1976 жылдан бастап, 80-жылдардың бірінші жартысы аралығында Қазақ КСР футбол федерациясының төрағасы болды.